Ет жеу керек пе, жемеу керек пе | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Ет жеу керек пе, жемеу керек пе

62
8 минут
Ет жеу керек пе, жемеу керек пе

Православ дінінің өкілдері ұстанатын пост кезінде вегетариандық, яғни ет жемеудің маңызы зор. Өйткені пост кезінде олар ет жемейді, пост біткен соң қайтадан өздерінің тамақтану тәртібіне оралады. 

Айта кетейік, посткеңестік кеңістікте вегетариандық қозғалыс 1890-1917 жылдары Ресей аумағында өркендеді. Кеңес өкіметі бұл бағытты өзіне жат деп есептеп, оны қатаң күштеу әдістерімен басып тастады. Ұлттандыру саясаты мен революция қоғамның шағын топтарының өз өмірлік мақсаттарын жүзеге асыруына мүмкіндік бермеді. Вегетариандық тақырыбына тыйым салынды. Үлкен Кеңес энциклопедиясында вегетариандықтың негізінде жалған гипотезалар мен идеялар жатыр деп ресми мәлімделіп, «Кеңес Одағында вегетариандықтың жақтаушылары жоқ» деп жарияланды.

2.Вегетарианцы, одумайтесь.jpg

Аз-мұз тарих

Батыс және Шығыс христиан шіркеулері бастапқыда вегетариандық қозғалыспен күрес жүргізді. Шіркеу бұл қозғалысты әртүрлі діни бағыттағы секталармен байланысты деп санады. Мысалы, богомилдер (секта Балқан түбегінде Х-ХІV ғасырларда пайда болған) және катарлар (Франция мен Италияда ХІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген) ет тұтынудан бас тартқан. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірінде вегетариандық қазіргі форматтағыдай кең таралған құбылыс болған жоқ. Белгілі деректерге сүйенсек, Леонардо да Винчи ет тағамдарына қарсы болған. Қайта өрлеу дәуірі көне мәдениетті қайта ашып, жаңа вегетариандық қозғалыстың қалыптасуына жол ашты. Осы себепті вегетариандықты ұстанушыларды «пифагорейшілер» деп атаған. 

«Қазіргі» вегетариандық дәуір XVIII ғасырда Батыс елдерінде басталды. Әсіресе, шіркеулік постты ұмыта бастаған протестант елдері вегетариандыққа бет бұрды. Ол ең алдымен ет тұтыну деңгейі жоғары болған Англия мен АҚШ-та таралды. Вегетариандық идеяларының таралуына көптеген философтар, жазушылар мен ақындардың, атап айтқанда Вольтер, Жан-Жак Руссо, Джон Гей, Перси Биши Шелли және басқалардың шығармашылығы ықпал етті.

Уақыт өте келе вегетариандық бүкіл Еуропаға таралды және Ресейге әлдеқайда кейін жетті. Дегенмен Ресейде ет өнімдерінен діни тұрғыда бас тарту мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан еді. XX ғасырдың басына дейін орыс монахтары мен православ сеніміндегі халық үшін пост Еуропа елдеріне қарағанда анағұрлым маңызды рөл атқарды. Жылына төрт ұзақ мерзімді пост және әр сәрсенбі мен жұма күндеріндегі посттар жыл бойы 220 күнді қамтыды.

Вегетариандыққа арналған алғашқы қоғам «Ни рыба, ни мясо» деген әзіл атаумен 1860 жылдары Санкт-Петербургте құрылды. Белгілі ботаник Андрей Бекетовтың қаламынан шыққан «Адамның қазіргі және болашақтағы тамақтануы туралы» эссесі вегетариандық өмір салтын белсенді түрде қорғаған еңбек болды. Ол өзінің эссесінде өсімдік негізіндегі тамақтанудың басты дәлелдерін келтіреді, олар бүгінгі күні де өзекті болып табылады. Бекетов адамның тамақтану физиологиясы туралы жаза отырып, етсіз өмір сүруге болатынын және бұл – Жер бетінде өмір сүретін тіршіліктің басым бөлігіне тән өмір салты екенін дәлелдеді. Экологиялық және экономикалық тиімділігінен бөлек, вегетариандық адамгершілік қасиеттерге толы, өйткені сүйіспеншілік тек адамдарға ғана емес, бүкіл тіршілік иелеріне де таралады.

5.Лев Толстой вегетарианец.jpg

Лев Толстой ет жемеген 

1912 жылы Мәскеуде «Рухани жаңғыру» қоғамы құрылғаннан кейін, қала «толстойлық» вегетариандықтың орталығына айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, соғысқа қатысқан елдердің вегетариандық қауымдастықтары маңызды моральдық мәселені шешуі керек болды: жануарларды өлтіруге қарсы тұратын жандар адам қанын төгуге қалай қарсы шықпайды? Ресейде бұл дилемма Лев Толстойдың «Өлтірме!» деген ұстанымы аясында болды.

1917 жылғы Ақпан революциясын орыс вегетариандықтар қуана қарсы алды. Олар: «Біздің алдымызда жарқын қақпалар ашылды, олардың артында азап шеккен орыс халқы ұзақ күткен нұрлы бостандық тұр!» – деп мәлімдеді. Бауырластық вегетариандық коммуналарды құру туралы үндеулер айтылды. Адамдар өлім жазасының жойылғанын қуана қарсы алып, кез келген өлтіруді тоқтатуды, оның ішінде жануарларға арналған «өлім жазасын» жоюды талап етті.

Азаматтық соғыс кезінде большевиктер толстовшыларды, әртүрлі діни секталарды және вегетариандық ұйымдарды қудалап, басып-жаншыды. Бұл ұйымдардың өкілдері адамның ғана емес, кез келген жануардың өмірін қиюды Құдай алдында ауыр күнә деп санады: «Біз мал сою арқылы алынған етті қабылдамаймыз», - деді олар. 

Ет жемейтіндер мен ет жейтіндер 

Бұдан әрі вегетариандық идеясы тек тамақтану утопиясын ғылыми тұрғыда қарастыратын еңбектерде ғана айтылып жүрді. 

1979 жылы жарық көрген химик Александр Несмеяновтың «Болашақ тағамы» атты кітабында синтетикалық тағамдарды өндіру және тұтыну мүмкіндігі қарастырылды. Александр Несмеянов – 1951-1961 жылдары КСРО Ғылым академиясының президенті болған, этикалық вегетариандықтың сенімді жақтаушысы.

Кітапта автор жануарларды пайдалануды болдырмау мақсатында тағамдық ресурстарды өндірудің жаңа тәсілдерін зерттеді. Ол синтетикалық ақуыздар мен басқа да тағам компоненттерін жасанды жолмен алу арқылы табиғатқа зиян келтірмейтін тағам өндірісін мүмкін деп санады. Бұл идеялар экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көтеруге бағытталған еді.

Несмеяновтың көзқарастары сол уақыттың ғылыми-этикалық ойлауына үлкен ықпал етті және болашақта азық-түлік мәселелерін шешудің инновациялық жолдарын іздеу бағытында маңызды қадам болды.

Қайта құру жылдарында тамақтану физиологиясына арналған кейбір еңбектерде авторлар «шетелдерде жинақталған вегетариандықты зерттеудің мол тәжірибесі» туралы айтқан еді. Алайда Ресей мен посткеңестік кеңістіктегі бұл тақырыпқа 60 жыл бойы салынған тыйым вегетариандық тамақтанудың әртүрлі аспектілері туралы ақпараттың сапасы мен деңгейінің басқа елдермен салыстырғанда әлі де төмендеуіне әкелді.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін вегетариандықтың барлық түрлерінің өкілдері ашық түрде өз пікірлерін айта бастады. Көптеген вегетариандық ұйымдар құрылды. Бұрынғы кеңестік вегетариандық этикалық максимализммен және қоғамды түбегейлі өзгертуге деген үмітпен ерекшеленетін. Ал соңғы кезең эзотерикалық топтардың ілімдеріне қызығушылықтың артуымен сипатталады, олар вегетариандықты да насихаттайды. Бірақ бұл жағдай вегетариандықты қоғам алдында беделінен айырып, теріс әсер етуде.

6.Линда Нигматулина.jpg

Актриса Линда Нығматуллина 

Қазақстанда жануарлардан алынатын өнімдерден бас тарту және олардың тұтынуын азайту үрдісі бұрынғыдан да танымал бола түсуде. Вегандық өмір салтын ұстанатын қазақстандық медиа тұлғалар өздерінің диеталары мен осы өмір салтының идеялық аспектілері арқылы қоғамның назарын аударып келеді.

Вегандықты ұстанатын танымал тұлғалардың – ҚР Экология және табиғи ресурстар экс-министрі Зүлфия Сүлейменованың, әйгілі актриса Линда Нығматулинаның, Govinda’s вегетариандық мейрамханасының директоры Даулет Назаровтың, сондай-ақ заманауи өнер суретшісі және анимациялық кино режиссері Марат Сағитовтың көзқарастары мен тағамдық әдеттері көптеген адамдарға үлгі болды. 

7. Экс-министр Зульфия Сулейменова.png

Экология экс-министрі Зүлфия Сүлейменова

Тұрғындардың көп бөлігі тамақтану тәртібінде қасиетті кітаптар Құран мен Библияға сүйенеді. Библияда не жеу керек, не жемеу керектігі анық жазылған. Егер тамақ дұрыс дайындалмаса, ауырып қалуың мүмкін. Құранның "әл-Мүмин" сүресінде "Ей, елшілер! Жақсы әрі адал тағамдарды жеңдер және игі істер істеңдер" делінген. 

Мақала авторы: Галина Галкина

  • Комментарии
Загрузка комментариев...