
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды
2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді. Бұл туралы орталық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрменің мақсаты – келушілерді еліміздің танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, олардың жетістіктері мен табыстарын суретшілер мен танымал адамдардың бірлескен еңбегі арқылы көрсету. Бұл көрме олардың шығармашылығы мен ерен еңбегінің еліміздің дамуы үшін маңыздылығын көрсетіп, олардың есімдерінің мәңгілікке ел жадында сақталатынын дәлелдейді.
Суретшілер адам бейнесі арқылы философияны, идеяны, ішкі жан-дүниені, эмоциялар мен оқиғаларды жеткізеді. Мұның бәрі кескіндеме туындысына айналады.
Бұл жоба жастарды шабыттандырып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге баулуға, олардың санасы мен қиялын оятып, өнерге қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
Қазақстанның танымал тұлғалары мен суретшілердің бірлесіп жасаған өнер туындылары еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің жылнамасын бейнелейді.
Жобаға қоғам қайраткерлері, еліміздің танымал тұлғалары, суретшілер және шетелдік қонақтар қатысты. Олардың қатарында: Ақмарал Құсайынова, Болат Хамзин, Мереке Нұрлан, Михаил Ведерников, Виталий Ведерников, Абдусамат Каримов, Гүзәл Айратовна, Михаил Коробков және т.б бар.
Көрмеде 100-ден астам танымал тұлғаның қатысуымен жасалған 150-ден астам өнер туындысы ұсынылады. Олар: Асанәлі Әшімов, Мақпал Жүнісова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Арманжан Байтасов, Мұрат Әуезов, Смағұл Елубаев, Олжас Сүлейменов, Лаки Кесоглу, Мұхтар Шаханов, Илья Ильин, Дулат Исабеков т.б. танымал тұлғалар.
Көрме 2024 жылдың 20 желтоқсанында сағат 12:00-де ашылады.