Православие діни қызметкерлері не үшін неке жүзігін тақпайды | Агентство профессиональных новостей - AIPN.KZ | Агентство профессиональных новостей (АПН)

Православие діни қызметкерлері не үшін неке жүзігін тақпайды

6762
3 минуты
Православие діни қызметкерлері не үшін неке жүзігін тақпайды
Қазақстан халықтары паркінде өткен «Шын жүректен әңгіме» жобасының аясында қазақстандықтар спикерлерден қалай дін қызметкері болуға болатынын сұрады. Вознесендік кафедралдық соборының дьяконы Виталий Быструшкин мен Казан соборының ключары иерей Георгий Рублинский дін қызметкерінің қиын жолы туралы айтып берді.

Виталий әкей дін қызметкері (священник) болу әркімнің маңдайына жазыла бермейтінін айтты.

«Әнші болу немесе сантехник болу әркімнің қолынан келе бермейді. Сол сияқты бұл жерде де бәрі Құдайдың қалауымен», - деді дьякон.

Әлбетте бұл адамның өз қалауынсыз да орындалмайды.


«Троице-Сергиева Лаврадағы семинарияда оқығанымда әулие патриарх Московский мен Русь всеясы Кирилл мерекелік құлшылықтан кейін әулие Сергий Радонежскийді еске алу күні бізге былай деген болатын: «Егер дәл қазір семинарияда оқып жүрген уақыттарыңда оқу бітірген соң дін қызметкері болуға дайын болмасаңыздар, кеткендеріңіз дұрыс», - деп есіне алды Виталий әкей.

Анықтама

Православиелік шіркеудің жеті қасиетті рәсімінің бірі – дін қызметкерін тағайындау. Осы жолды таңдаған адам өмір бойы дінге қызмет етеді. РПЦ Челябинск епархиясының священнигі Владимир Панариннің айтуы бойынша бұл құзіреттен мынадай жағдайда айырылуға болады: қантөгіс, жанжал, әйелін қуып жіберу, екінші неке, антты бұзу, ұрлық, дінге қарсы шығу, бөліну, бизнес, саясат, қасиетті санды сатып алу, құмар ойындар, маскүнемдік, архиерейді ренжіту, Христен бас тарту, басқа дін шіркеулерінде құлшылық жасау, сәрсенбі, жұма күндері пост ұстаудан себепсіз бас тарту, Ұлы посттан бас тарту.

Шіркеудегі қызықты сәттер

Священниктердің жұмысында болатын қызықты сәттер туралы иерей Георгий Рублинский айтып берді. Оның сөзінше, священниктер мен дьякондар отбасы болса да неке жүзігін тақпайды.

«Біз шіркеуге үйлендік. Үйлену рәсімі кезінде бізге жүзік тағылады, хиротония кезінде алынып тасталады. Біз үшін Шіркеу бірінші орында, кейін барып отбасы», - деді священник.


Дін қызметкері болу шешіміне қалай келгенін де айтып өтті.

«Бала кезімде президент болғым келген еді. Қазақстанның емес, әлемнің. Туған күніме үнемі алтын беттері бар қойын дәптер мен алтын қалам сұрайтынмын. Кейін саналы түрде Христостың кім екеніне үңіле бастадым, діндерді салыстыра отырып православиеге тоқтадым. Амбициям біткен емес, патриарх болдым», - дейді Георгий әкей.


Оның сөзінше, православиелік шіркеуге алғаш кірген кезінен бастап сол жақта мәңгіге қалғысы келген.

«Священник болуға дайын емес едім, алайда шіркеудің жанында қалғым келді», - деді Георгий әкей.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...